Президент сайлауы Қазақстан заңдарына сәйкес өтті – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент сайлауы Қазақстан заңдарына сәйкес өтті – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы

Президент сайлауы Қазақстан заңдарына сәйкес өтті – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы

Қазақстанда президент сайлауы Қазақстанның сайлау үрдісін реттейтін заңдарына толық сәйкес өтті, деп ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы, Достастық атқару комитетінің төрағасы – атқару хатшысы Сергей Лебедев мәлімдеді.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 362
Фото - Caravan.kz


«Бізде сайлауды бағалаудың басты өлшемі сайлаудың өтіп жатқан елдегі заңдарына сәйкестігі болып табылады.
Мен сайлаудың Қазақстанның сайлау үрдісін реттейтін заңдарына толық сәйкес өткенін қанағатты түрде және толық негізде айта аламын», — деп ол бүгін Астанада «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.
«Қазақстан заңдары үнемі жетілдіріліп отырғанын, бүгінгі таңда ол халықаралық сайлау құқығының жалпыға танылған нормадарына сәйкес келеді деп толық негізде айта аламын», — дейді ол.