Мәңгілік Ел құру үшін баршамыз талмай жұмыс істейтін боламыз - Президент - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәңгілік Ел құру үшін баршамыз талмай жұмыс істейтін боламыз - Президент

Мәңгілік Ел құру үшін баршамыз талмай жұмыс істейтін боламыз - Президент

Мәңгілік Ел құру үшін баршамыз талмай жұмыс істейтін боламыз. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Жеңімпаздар форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

«Бүгін ерекше мәні бар күн. Қазақстандықтар тағы да өзінің ынтымағы мен бірлігін, яғни алдынан кездескен барлық тауқыметті жеңетін көп ұлтты халықтың бірлігін көрсетті. Барша Қазақстан бірыңғай ұмтылыспен тұтастай кеше сайлауға келді. Мен адамдар отбасыларымен, балаларымен, немерелерімен сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру үшін кезекте тұрғанын көрдім. Мен осының барлығын байқадым, бұндай көріністен көзге жас үйіріледі. Бұл тұрғыда жауапкершілік артады. Осыдан күні-түні біздің халықтың әл-ауқатты арттырып, күн сайын өмір сүру жағдайын жақсарту тұрғысында ойлана бересің», — деді Н.Назарбаев.


Елбасы Орталық сайлау комиссиясысы алдын ала мәліметтерді жарялап, 97,7 пайыз дауыс жинағанын еске салып өтті.

«Біз тағы да барша әлемге демократия жолын ұстанатынымызды, біздің саяси мәдениетті тағы да айқын көрсеттік», — деді Президент.