Павлодардың Ақсу қаласында үйлерді су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардың Ақсу қаласында үйлерді су басты

Павлодардың Ақсу қаласында үйлерді су басты

Павлодар облысы Ақсу қаласының билігі су тасқынына байланысты төтенше жағдай режімін жариялады, деп әкімдік мәлімдеді.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 405
Фото - Caravan.kz


«Қазіргі кезде облыста табиғат қорға мақсатында су жіберу жүргізілуде. Бірақ су тасқынына салынып жатқан көлік жолы себеп болды, ол судың жайылымға өтуіне кедергі болған. Көлік жолы құрлысының жобасында олқылықтар жіберілген деп пайымдаймын, бірақ бұл мәселе тапсырыс берушіге және мердігерге қатысты», — деп бүгін қала әкімінің өндіріс және экономика жөніндегі орынбасары Қаршыға Арынов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 10 тұрғын үйді су басып қалған, ал 20 шақты үйдің ауласына су кірген. Су басқан үйлерді су деңгейі 20-дан 50 см дейін жеткен.
Қ.Арыновтың айтуынша, шара қабылдау барысында су деңгейі 10-15 см дейін төмендету мүмкін болған.
«Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі», — дейді ол.