Бұған дейін ҚР Президентінің инаугурация күні 1 мамырға беліленген болатын. Бірақ 29 сәуір күніне ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Президентінің сайлау күні өтті. Президенттікке үш үміткер болатын. Сайлау нәтижесінде Н. Назарбаев 97.5 пайыз дауысқа ие болды. Ал Т. Сыздықов 1.87 пайыз, Ә. Құсайынов 0.63 пайыз дауысқа ие болды.