Непалда жойқын зілзала кезінде Қазақстан азаматтары із-түзсіз жоғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Непалда жойқын зілзала кезінде Қазақстан азаматтары із-түзсіз жоғалды

Непалда жойқын зілзала кезінде Қазақстан азаматтары із-түзсіз жоғалды

Осы елге турист ретінде кеткен 5 адаммен байланыс үзілген. Олар Айбек Махамбетов, Айдар Қайыпов пен жұбайы Марина Касенко, Ольга Тропынина және Елена Шерпа. Хабар-ошарсыз кеткен отандастарымызды қазір Сыртқы істер министрлігі Непалдың құзырлы орындарына сұрау салып, іздестіріп жатыр.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 254
Фото - Caravan.kz

Ал Непалдың өзінде қаза тапқандар саны еселеп артуда. Қуаты 7,9 баллдық жер сілкінісі сенбі күні таң ата тіркелген болатын. Эпицентрі жерден бар-жоғы 15 шақырым екен. Зілзаланың жойқын күшке ие болғаны сондықтан. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 3200-ден астам адам қаза тауып, тағы  6 жарым мыңы жараланған. Із-түзсіз кеткендері жүздеп саналады. Бұл саны әлі өсетіні анық. Өйткені, үйіндігі айналған ғимараттардың көбі аршылып бітпеген. Үй-күйсіз қалған жұрт күркені паналауға мәжбүр. Жер асты дүмпуінің толқынынан Қытай мен Үндістаннық шекаралас аймақтарында да бірнеше елді-мекенге айтарлықтай зақым келіп, ондаған адам өлген. Ал Непал астанасы Катманду әуежайында шеті жоқ кезек. Гималай тауына саяхаттай келген шетелдіктер елдеріне қайта алмай жатыр. Айта кетейік, құтқару жұмыстарына Қытай, АҚШ, Канада, Шри-Ланка, Жапония мен Австралияның әскерилері де атсалысуда.