Әлемнің әр түкпіріндегі қазақстандықтардың сайлауда дауыс беруі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің әр түкпіріндегі қазақстандықтардың сайлауда дауыс беруі

Әлемнің әр түкпіріндегі қазақстандықтардың сайлауда дауыс беруі

ҚР СІМ Қазақстан Президенті сайлауының шетелдерде қалай өткізілгені туралы жалпы мәліметтерді ұсынды.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 462
Фото - Caravan.kz

Австриядағы қазақстандықтар сайлауға қатысты

26 сәуірде Қазақстан Республикасының Венадағы Елшілігінде кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізу үшін №190 сайлау учаскесі ашылды. Австрияда тұрғылықты тұратын және консулдық есепке тіркелген және елге уақытша келген ҚР төлқұжаты бар Қазақстан азаматтары қатысты.
Елшілік ғимаратында азаматтардың еркін дауыс беруіне барлық жағдай жасалды. ҚР ОСК нұсқаулығына сәйкес, үміткерлер туралы ақпараттық стендтер, урналар және дауыс беру кабиналары орнатылды.
ҚР Елшілік қызметкерлерінің күшімен өз конституциялық құқығын Вена қаласына келіп орындай алмаған отандастарға тиісті стандарттар мен ережелер шеңберінде жылжымалы урна қолданылуымен Грац қаласында дауыс беру ұйымдастырылды.
Сайлауға Австрияда тұрғылықты және уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, бизнес және студенттік қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Мысырдағы қазақстандықтар президенттік сайлауға қатысты
Қазақстан Республикасының Араб Мысыр Республикасы маңында ашылған №201 сайлау учаскесінде ҚР азаматтары, әсіресе, студенттер мысырлық жоғары оқу орындарда өтіп жатқан емтихандарға қарамастан, сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борыштарын орындауға асықты.
Жексенбі күні жұмыс күні болғанымен, жалпы сайлауға Мысырда тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан барлық азаматтарымыз қатысты. Сайлау үрдісінің өзі заң бұзушылықтарсыз, қалыпты жағдайда өтті. 
Каир қаласына келе алмаған азаматтар үшін, Александрия қаласына көшпелі комиссия ұйымдастырылды. №201 сайлау учаскесінің жұмысы Каир уақытымен сағат 20:00-де аяқталды, сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін болады.
Қазақстандықтар Варшавада дауыс берді


Астанада таңа ата бастағанда Варшавадағы Қазақстан Елшілігінде ҚР Президенті сайлауы аяқталды. Польшадағы қазақстандық азаматтар сайлауға белсенді қатысты. Елдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық жастардың отаншылдығын атап өткен жөн. Қазақстан Елшілігі жанында құрылған сайлау учаскесіне тек Варшавадан ғана емес Лодзь, Познань және Люблин секілді басқа қалалардан да студенттер келіп сайлауға қатысты. Сайлаудың ашылуына таңертеңгі сағат 7-де ең бірінші болып Варшаваның «Вистула» Қаржы және бизнес академиясының студенті Жандос Созақбай келді. 
Қазақстанның Польшадағы Елшісі Е.Өтембаев елшілікте қазақстандық жастармен кездесті. Польшада өткен жарыстарда жеңіске жетіп, нәтижесінде 2016 жылы әлем чемпионатында Мәскеу мен Санкт-Петерборда өтетін жоғары дивизионға қатысатын Қазақстанның хоккей құрама командасының мүшелері де дауыс берді. Елші Е.Өтембаев Қазақстан хоккейшілерін жеңістерімен құттықтап, сайлауға белсенді қатысуларын ерекше атап өтті, спортшыларға халықаралық алаңдарда мол табыстар тіледі.
Қазақстандықтар Бразилияда сайлауға қатысты
26 сәуірде жергілікті сағат 07:00-де Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына орай Оңтүстік Америка аймағында тарихта алғашқы рет Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің ғимаратында орналасқан №247 сайлау учаскесі ашылды.
Бразилияда және басқа да Латын Америкасы мемлекеттерінде тұратын Қазақстан азаматтары Федералдық аймақ, Бразилиа қаласына кезектен тыс сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырылды.