2014 жылдың маусымы-2015 жылдың сәуіріндегі кезеңінде 303 нысан жекешелендіруге жатады, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
2015 жылдың 24 сәуіріндегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 282 нысан шығарылды, оның ішінде 160 нысан сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша — 7, коммуналдық меншік бойынша — 68, ӘКК — 48, холдингтер бойынша — 37 нысан болды.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 745 млн. теңгеден астам, холдингтерге 38 567 млн теңге, ӘКК 2 915 млн. теңге түсті.
Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 34 нысан жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусымы-2015 жылдың сәуіріндегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 18 нысан жоспарланған. Ағымдағы жылдың 24 сәуіріндегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 18 нысан шығарылды, оның ішінде 7 нысан сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 243 нысанның сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусымы-2015 жылдың сәуір кезеңінде 141 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 24 сәуірдегі жағдайы бойынша 135 нысан шығарылды, соның ішінде 68 нысан сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату кестесі бойынша сатуға 109 нысан белгіленді. 2014 жылдың маусымы-2015 жылдың сәуіріндегі кезеңінде 75 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 64 нысан сатуға қойылды, 48 нысан сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 106 нысан жекешелендіруге жатады, 24 сәуірдегі жағдайы бойынша жоспарланған 69 нысанның 65 нысаны сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 37 нысан сатылды.