"Олар өздерін басқалары соңғы рет көрген орыннан 700-800 метр жерден табылды. Нақты неден қаза болғандарын анықтау үшін мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді”, деп хабарлады сейсенбіде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Алдында хабарланғандай, 12 сәуір күні екі ер адам суда жүзетін құстарды аулау үшін Ырғыз өзеніне қайықпен шығып, жоғалып кеткен.