Су тасқыны салдарынан Шығыс Қазақстан облысында тағы да 800-ден аса адам эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны салдарынан Шығыс Қазақстан облысында тағы да 800-ден аса адам эвакуацияланды

Су тасқыны салдарынан Шығыс Қазақстан облысында тағы да 800-ден аса адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысында Зыряновск ауданында су басқан жерлерден тағы 800 адам эвакуацияланды, делінген сейсенбіде облыстық ТЖ департаментінен таралған ақпаратта.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz


"Зубовск, Малеевск, Путинцево, Быково, Баяновск, Парыгино, Снегирево ауылдарында құтқарушылар апатқа қарсы белсенді жұмыс жүргізіп отыр”, делінген онда.
Құтқарушылар су басқан орындардан 961 адамды эвакуациялады, оның 204-і бала, ешкім зардап шеккен жоқ.Жалпы алғанда 356 тұрғын үйді су басқан, делінген онда.
"Аудан аумағында төтенше жағдай жария етілген. Суды бөгеу жұмыстары үшін жеке құрамның 210 адамды қатысып отыр, техниканың 30 бірлігі, 14 қайық пайдаланылған”, делінген онда.
Күршім ауданында құтқарушылар 86 адамды эвакуациялаған, олар туысқандарының үйлеріне жайғастырылған.
Дағдарыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, мамандар су деңгейін сағат сайын бақылауға алып отыр.