Қазақстандық үкіметте ауқымды өзгерістер бола қоймайды – саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық үкіметте ауқымды өзгерістер бола қоймайды – саясаттанушы

Қазақстандық үкіметте ауқымды өзгерістер бола қоймайды – саясаттанушы

Қазақстандық үкіметте дербес кадрлық өзгерістер болуы ықтимал, бірақ министрлер кабинеті ауқымды түрде қайта құрылмайтын болар, деп санайды саясаттанушы Досым Сәтпаев.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz


"Менің ойымша, өткен жылы болған күрделі қайта құрудан кейін, ол кезде бес жаңа мега-министр пайда болғанын ұмытпаңыздар, тағы сондай үлкен көлемде кезекті қайта құруды жүргізудің мәні жоқ”, деді Д.Сәтпаев "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне берген сұхбатында.
Оның пікірінше, үкіметке қаржылық-экономикалық саладағы бұрынғы және жаңа міндеттерді шешуге тура келеді.
Қазақстанда 26-сәуір күні Қазақстан президентінің сайлауы өтті, онда қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев жеңген болатын. Заңға орай, жаңа президентті ұлықтау рәсімі өткен соң үкімет отставкаға кетеді.
Соңғы рет қазақстандық үкімет отставкаға 2014 жылы көктемде кеткен болатын. Жаңа үкімет іс жүзінде бұрынғы құрамында қалғанмен, елеулі құрылымдық қайта құрулар жүргізілген.
Премьер болып үкіметті 2007-2012 жылдары басқарған Кәрім Мәсімов тағайындалған.