Д. Ахметов ШҚО-да орман өнеркәсібі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д. Ахметов ШҚО-да орман өнеркәсібі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Д. Ахметов ШҚО-да орман өнеркәсібі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Орман шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өткен мәжілісте өңір басшысы Даниал Ахметов орман шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 516
Фото - Caravan.kz

Облыстық орман  өнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасын арнайы жұмыс тобы әзірлейді, ол үш ай ішінде дейын болуы тиіс.

 «Жылдан-жылға бұл экономика саласы ұмытылып барады. Орман қорының әлеуеті — 123 млн. текше метр. Біздің ормандардағы ағаштардың жыл сайынғы орташа жылдық өсімі 1,9 млн. текше метрді құрайды. Ұсынылған жүйенің көлемі — 1,5 млн текше метр. Бұл ретте барлық түр бойынша дайындама көлемі 200-225 мың текше метр», — деп атап өтті ШҚО әкімі.

Ол заңнамада рұқсат етілген орман пайдаланудың басқа да түрлері (кемінде 6 түр) толықтай пайдаланылмайтынын атап өтті.

Д. Ахметов егер қызықты бизнес-жобалар болса, онда оны «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ желісі бойынша қаржыландыру мәселесін қарауға болатынын атап өтті.


Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қорының алаңы 3 705, 6 мың га, оның ішінде ормандар —  200,4 мың га.  Елдің жалпы қорыдағы орман қорының жартысынан көбі осы өңірде, деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.