Еліміздің Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Алматыда құлаған көпір туралы түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Алматыда құлаған көпір туралы түсініктеме берді

Еліміздің Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Алматыда құлаған көпір туралы түсініктеме берді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ахмади Сарбасов журналистерге Алматыда құлаған көпір туралы түсініктеме берді.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 581
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, оқиға салдарынан 21 адам зардап шекті, олардың үшеуінің халі ауыр, ал бір адам қаза болды.

«Қазіргі уақытта Алматы қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы оқыс оқиға бойынша арнайы зерттеу жүргізіп жатыр. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар, жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілдері тартылған. Осы комиссия жұмысының нәтижесінде болған оқиғаның себептері анықталатын болады, әзірге ешқандай нақты нәтиже жоқ. Жақын арада себептері белгілі болады», — деді ол бүгін Астанада өткен Халықаралық еңбекті қорғау конференциясы кезінде журналисттерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер жіберілген қателіктер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске келетін болса, жұмыс беруші айыппұл төлеуге міндеттеледі. Егер де тергеу жұмыстары барысында қылмыстық іс-әрекеттер әшкереленетін болса, онда құрылыс жүргізуші компания қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


А. Сарбасовтың айтуынша, зардап шеккендер мен қаза болған жұмысшының жанұясы міндетті сақтандыру мен еңбек келісімшартында белгіленген бірқатар өтемақыларды алады.