Су тасқыны Петропавлға қарай жылжуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны Петропавлға қарай жылжуда

Су тасқыны Петропавлға қарай жылжуда

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны Сергеев су қоймасынан өтіп Петропавлға  қарай ойысты.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz


«Сергеев су қоймасының жотасы арқылы су тасу 27 сәуірден бастап 82 см-ден 80 см-ге төмендеп, Есіл өзенінің ағынында су деңгейі төмендегені байқалады. Бұл су тасқынының шарықтау шегі Покровкадан өтті, қазір Новоникольск ауылынан өтіп барады, енді бір-екі күннен кейін Петропавлда болады», — деп облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің басшысы Асхат Бәкішев мәлімдеді.
Новоникольск ауылы ауданында су деңгейі қазіргі кезде 42 см дейін, Петропавл ауданында — 19 см және Долматаво ауылы ауданында, Есіл өзені ағысынан төменде — 14 см дейін көтерілген.
Шағылы су қоймасынан судың тасуы салдарынан Тайыншы ауданында республикалық және облыстық маңыздағы көлік жолдары арқылы алты жерден су тасыған. Мәселен, Петропавл-Жезқазған жолының 78-ші км жеріндегі учаскені су басқан.
Аймақта көлік жолдары арқылы барлығы 26 су тасу орын алған.
27 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск көлік жолы арқылы барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылғаны туралы шешім қабылданды.
Оның айтуынша, су қайтуына қарай су шайған учаскелер қалпына келтірілуде.