Қазақстан Н.Назарбаевтың басшылығымен жаңа бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін - Р.Ердоған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Н.Назарбаевтың басшылығымен жаңа бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін - Р.Ердоған

Қазақстан Н.Назарбаевтың басшылығымен жаңа бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін - Р.Ердоған

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты

  • 28 Сәуiр 2015
  • 2137
Фото - Caravan.kz

Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғаннан құттықтау жеделхаты келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Режеп Ердоған түрік халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

— Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елдеріміздің арасындағы тілдік, мәдени және тарихи байланыстардың ортақтығына негізделген стратегиялық серіктестік бұдан әрі де халықтарымыздың игілігі үшін, сондай-ақ өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дами беретініне тағы да сенім білдіремін, — деп атап өтілген жеделхатта.

Сонымен қатар, Режеп Ердоған таяуда Қазақстанға жасаған сапары кезіндегі жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.


Соңында Түркия Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт, табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.