Елді аралаған жауынгерлік ту Астанаға оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елді аралаған жауынгерлік ту Астанаға оралды

Елді аралаған жауынгерлік ту Астанаға оралды

Астанаға әйгілі 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі оралды. Ақмолада жасақталған бұл бөлімнің сарбаздары Курск түбінде шайқасып, Румыния, Венгрия, Австрия мен Чехословакияны жаудан азат еткен болатын. Ал екі айға созылған  «Біз - Жеңістің мұрагеріміз!» атты акция кезінде ту барлық облысты аралап шықты.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 262
Фото - Caravan.kz

Аты аңызға айналған жауынгерлік ту еліміздің 25 қаласында болған. Он мыңдаған шақырым жүріп өткен байрақ 1941 жылы 72-ші атқыштар дивизиясы құрылған жер — Арқа төсіне оралды. Бүгін әйгілі тудың көшірмесін Ұлттық гвардия сарбаздарды соғыс ардагерлеріне табыстады.  Бірнеше күннен соң осы қызыл туды әскери бөлімдердің бірі Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруде алып жүрмек.