Петропавлда кооператив төрайымы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда кооператив төрайымы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Петропавлда кооператив төрайымы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Петропавлда көпқабатты үйдің тұрғындары газгольдер жарылып,  күліміз көкке ұша ма деп қорқады. Өйткені пәтер иелері кооперативінің төрайымы дәл осы қондырғының түбінен автотұрақ салмақшы. Бұл үшін ол ауладағы ағаштарды тамырымен жұлдырып, балалар ойнайтын алаңқайды да шетке ысыртып тастапты. Бұған налыған тұрғындар шенеуніктер мен тәртіп сақшыларын шақырып, төрайымды жағадан ала жаздады.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

-Аузымды жаппаймын мен. Айғайлап айтам.

Мына ауланың тұрғындары пәтер иелері кооперативінің төрайымын тәртіп сақшыларының көзінше жұлып жеп қоя жаздады. Осылай болатынын білген шенеуніктер екі жақты беттестіруге полицейлерді ерте келіпті.

Өткен демалыс күндері ғана аулада жайқалып тұрған ағаштардың қазір томары да жоқ. Тұрғындар бұл жерде автотұрақ болатынын талдар кесіле бастағанда ғана естіпті. Өйткені аулада онсыз да көлік қоятын екі орын бар. Ал үшіншісін төрайым тура газгольдердің жанынан салмақшы.

Нұрбек Сержанов, Петропавл қаласының тұрғыны: 

-Жарылып кетеді ғой ,газ жарылып кеткенде апат болады ғой.  Мұны төтенше жағдай қолдамайды. Әкімдік он жерден қандай шешім шығарса да.

Алайда әкімдіктегілер бұл дауға араласпаймыз деп ат-тонын ала қашты. Өйткені ауладағы жер толығымен тұрғындардың ортақ меншігінде.


Серік Нұрмағамбетов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Бұл жер әкімнің шешімінен 7 жыл бұрын  пәтер иелері кооперативіне жеке меншікке берілген. Сондықтан тұрғындар мұнда не қаласа, соны сала алады. Тек ол үшін ортақ жиналыс жасап,  халықтың жартысы келіссе болғаны. 

Алайда халық хаттамаға қол қоймақ түгілі, бұл мәселеден мүлдем  бейхабар болып шыққан. Енді заңға сай пәтер иелері кооперативінің төрайымы бұл қылығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екен.