Алматыда соғыс ардагерін соққыға жыққан жігітке іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда соғыс ардагерін соққыға жыққан жігітке іздеу жарияланды

Алматыда соғыс ардагерін соққыға жыққан жігітке іздеу жарияланды

Алматыда соғыс ардагері соққыға жығылды. Тепсе темір үзетін жас жігіт қарияны тапа-тал түсте ұрып құлатқан.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 244
Фото - Caravan.kz

Оқиға үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Үйінен шығып келе жатқан қарияға талдардың арасынан атып шыққан жас жігіт тап береді. Қолындағы сөмкесіне жармасып, оны оңайлықпен бермеген соң жұдырықтың астына алған. Бірнеше соққыдан кейін ардагер жерге құлайды. Бейбастақ әрекетті көрші әйел байқап қалып, айғай салған екен. Ал сотқар жігіт сонда да қоймай сөмкені тартып алып кеткен. Ал сонша таласқан сөмкенің ішінде ақсақалдың жөндетуге апара жатқан аяқ киімі ғана болыпты. Ардагерге әлімжеттік жасаған азаматты полиция іздеп жатыр.

Николай Хохлов, соғыс ардагері:

-Үйден шығып келе жатқан бетім еді. Кенеттен пайда бола кетті. Сөмкемнен айрылғым келмей, «кет» десем құлақ аспайды. Екі рет бетімнен соққы жасап, мұрнымнан қан кетті. Үшінші ұрғанда жұдырығы көзіме тиіп, шалқамнан түстім. Осынша қилы заман кешкенімде көрейін дегенім осы ма еді, мұндай адамды кешіре алмаймын.