Шығыс Қазақстанды жойқын тасқын әлі жайпап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанды жойқын  тасқын әлі  жайпап жатыр

Шығыс Қазақстанды жойқын тасқын әлі жайпап жатыр

Шығыс Қазақстандағы елді-мекендерді су басып жатыр. Әсіресе, Зырян ауданындағы жағдай қиын. Мұнда жеті ауыл қызыл судың астында қалды. Төтенше жағдайға байланысты ол жақтан мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілуде.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

Ал 350-ден астам үй мен қора-қопсыға тізеден асатын су кіріп кеткен. Олардың басым бөлігі енді тұруға жарамыз. Арнасынан адасып аққан топан судың келтірген залалы тек бұл емес. Электр бағандары қиратылып, бірнеше ауыл жарықсыз қалып отыр. Сондай-ақ, осы маңдағы ірі көпір судың кесірінен құлап, Өскемен-Зырян тас жолы жабылды. Ал, қауіпсіз орынға көшірілген тұрғындар мектептерге орналастырылып, жедел құрылған штаб оларға қолдан келер көмекті көрсетуде. Биылғы тасқын қиратқан үйлерді айтпағанда, су шайған республикалық тас жолдарды жөндеу үшін 3 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет.