Бас прокуратура алимент төлеуден қашқандардың суретін интернетке салып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура алимент төлеуден қашқандардың  суретін  интернетке салып жатыр

Бас прокуратура алимент төлеуден қашқандардың суретін интернетке салып жатыр

Елімізде ұл-қызына алимент төлеуден қашып жүргендерге интернет арқылы іздеу жарияланды. Бас прокуратура баласын безгендердің суретін ғаламторға салып жатыр.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

Дәлірек  айтқанда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитеттің сайтында берешек азаматтардың суреті самсап тұр. «Балалары іздеу салады» деген парақшадан орын тапқандардың жас шамалары 24-50 аралығында. Бір қызығы баласына алимент төлеуден жалтарып жүргендерің арасында үш келіншек бар. Әзірше, интернетке 50 адамның суреті салынған. Бұл сан толыға бермек. Борышкерлердің тізімін Бас прокуратураға көші-қон полициясы береді екен. Ол кейін Әділет министрлігінің базасындағы ақпаратпен салыстырылып, сайтқа жүктеледі. Осылайша, тасжүрек әке мен мейірімсіз әйелдермен күресіп шаршаған құзырлы органдар оларды ел алдында ұялтпақ ойда.