10 адамның өліміне кінәлі автобус жүргізушісі сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 адамның өліміне кінәлі автобус жүргізушісі сотталды

10 адамның өліміне кінәлі автобус жүргізушісі сотталды

Мойынқұм аудандық сотында 10 адамның өліміне себепкер болған автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 299
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бір сәтте оншақты адамның өмірін жалмаған осы бір қайғылы оқиға биыл ақпан айының басында Астана-Шымкент тас жолының 394-шақырымында орын алған еді. 45 адамы бар автобусты 24 жастағы  Бектияр Бегалаев сағатына 65 шақырым жылдамдықпен жүргізіп келе жатқан-ды. Жылдамдық онша жоғары емес, алайда сол күні көктайғақ болған еді. Оның үстіне көліктің алдыңғы доңғалақтарының шинасы көнерген. Жолдан шығып кеткен автобус аударылып қалып, салдарынан әр түрлі жарақат алған 10 адам ажал құшты.

«Мойынқұм аудандық соты Бектияр Бегалаевті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлімі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды», — деп жазылған хабарламада.


Үкім заңды  күшіне енген жоқ.