Ұлықпан Жолдасов Бауыржан Ретбаевтың отбасы қойған талаппен келісе алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлықпан Жолдасов Бауыржан Ретбаевтың отбасы қойған талаппен келісе алмады

Ұлықпан Жолдасов Бауыржан Ретбаевтың отбасы қойған талаппен келісе алмады

Жақында ғана құрылған «Дауыс KZ» тобының әншісі, «Қазақстан дауысы» Бауыржан Ретбаев топтан кетті, онымен жасалған келісімшарт бұзылды.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 666
Фото - Caravan.kz

Енді ол ресми түрде топтың әншісі емес, деп хабарлады baistars.kz. 

Ретбаевтар отбасының дуэт жұмысына кедергі келтіруіне байланысты, продюсер Ұлықпан Жолдасов осындай шешімге келіп отыр. Яғни, Бауыржанның отбасы, топ мүшесі Бердібек Құлғараевтың мықтылығын мойындамай: «Бауыржан — «Қазақстан дауысы», сондықтан да ол Бердібекпен бір топта болуға лайық емес. Бауыржан жеке әнші болуы керек»,- деген. Осы сынды сөздермен бірге келісімшарт пункттерімен келіспеген Бауыржанның отбасы әрекетінен арадағы келісімшарт бұзылды.