Астанада ҚР Президентінің ұлықтау рәсімі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ҚР Президентінің ұлықтау рәсімі басталды

Астанада ҚР Президентінің ұлықтау рәсімі басталды

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қызметіне ресми кірісуі - ұлықтау салтанаты ауқымында Қазақстан халқына ант береді.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 584
Фото - Caravan.kz

Ант қабылдау салтанатты рәсіміне Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы соттың судьялары, Үкімет мүшелері қатысады. ҚР Президенті Конституцияға ант береді. Ант қабылдаудан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, ОСК төрағасы Президентке куәлік табыс етеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау 2015 жылғы 26 сәуірде өтті.
Сайлауға үш кандидат, ҚР-ның Іс басындағы Президенті, «Нұр Отан» партиясынан кандидат Нұрсұлтан Назарбаев, Коммунистік халықтық партия ОК хатшысы Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынған ҚР кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов қатысты.
28 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда 2015 жылғы 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары жарияланды.
Нұрсұлтан Назарбаев үшін 8 млн. 833 мың 250 адам, немесе 97,75 пайызы дауыс берді.
Тіркелген 9 млн. 547 мың 864 сайлаушының 9 млн. 090 мың 920-сы немесе 95,21 пайызы дауыс беруге қатысты. Әбілғазы Құсайыновқа 57 718 сайлаушы, немесе 0,64 пайызы, Нұрсұлтан Назарбаевқа 8 млн. 833 мың 250 адам, немесе 97,75 пайызы, Тұрғын Сыздықовқа — 145 мың 756 сайлаушы, немесе 1,61 пайызы дауыс берді.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті қызметіне ресми кірісуі рәсімін 29 сәуірге өткізуге қаулы қабылдады.