Білім беру мен денсаулық сақтау ЕАЭО елдерінің стандарттарына сай дамиды - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім беру мен денсаулық сақтау ЕАЭО елдерінің стандарттарына сай дамиды - Елбасы

Білім беру мен денсаулық сақтау ЕАЭО елдерінің стандарттарына сай дамиды - Елбасы

Білім беру мен денсаулық сақтау Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің стандарттарына сай негізделеді. Бұл туралы бүгін ұлықтау рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 665
Фото - Caravan.kz

 — Бүгінде барша ел «Қазақстандық экономикалық ғажайып» жөнінде айтуда. Шынымен, біз қысқа уақыттың ішінде таңқаларлық нәтижелерге қол жеткіздік. Кейбір мемлекеттерге мұндай дамуға 100 жыл керек болған болса, біз оны тәуелсіздік жылдары атқара алдық. Қазақстан біздің аймақтың экономикалық көшбасшысы. Бірақ тоқтап қалуға болмайды. Білімге негізделген жаңғырту реформалары біздің экономиканы алдыңғы қатарлы етеді. Оның басты мақсаты — қазақстандықтардың өмірін жақсарту. Бұл — орта тап өкілдерін көбейту үшін аса маңызды, — деп атап өтті Президент.


Оның айтуынша, бұдан былай экономикалық өсім индустрияландыру мақсаттарына сай дамып, ЕАЭО аясында икемделетін болады.

«Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсім үшін түбегейлік құрылымдық реформаларды өткіземіз. Білім беру мен денсаулық сақтау Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің стандарттарына сай дамитын болады», — деді Елбасы.