Кәсіпкерлер өздерінің жолдауында Нұрсұлтан Назарбаевтан "қол ұшын созуды" сұраған.
Жолдаудың толық мәтіні: "Біз барлығымыз Сізге дауыс бердік, бізд тұрақтылық кепіліне дауыс бердік. Біз өзіміздің таңдауымызға әрі сіздің жеңізіңізге қуаныштымыз.
Тек бір ғана жағдай бізді қынжылтады, жарқын болашаққа деген үмітімізді үзді.
Жылдар бойы ауыр еңбекпен жинаған дүниеміз бір сәтте жоқ болды.
Барлық тауарымыз өртеніп, ештемеміз қалмады. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден басқа қол ұшын созар ешкім жоқ, себебі Өзіміздің қайғымызбен өзіміз жалғыз қалдық.
Біз біреу өртеді деп айта алмаймыз, бірақ әкімшілікпен күзетшілердің өзгенің мүлкінің сақталуына немқұрайлы қарағанына толық сенімдіміз. Өрт кезінде сауда орталығының автоматты өрт қауіпсіздік дабылы мен автоматты өрт сөндіру жүйелері істен шыққан және өрт сөндіруге арналған сумен қамтамасыз ету үшін жасалған техникалық жабдықта су болмаған.
Орталық Азиядағы ең үлкен сауда орталығында өрт болып барлығын жойып жібереді деп ешкім ойламаған.
Құқық қорғау органдарымен ТЖД және өрт сөндірушілер егжей-тегжейлі әрі әділ тергу жұмыстарын жүргізетініне сенеміз.
Қазіргі кезде қалтамызда өмір сүруге қаражаттың болмауынан ары қарай қалай болары барлығымзды уайымдатады.
Қазіргі кезде банктегі кредиттерімізбен жеткізушіге алдындағы қарызымыздан басқа ештемеміз жоқ. Олар бізге сенетін, себебі бұрыннан жұмыс жасап келе жатқанбыз.
Біздің миллиондаған шығынымызды кім өтеп береді деген ең басты сұрақпен әркімнің басы қатып жүр.
Құрметті елбасы, біз Сізден "АDEM" сауда орталығында болған өрттің кінәлілерінен және әкімшіліктен шығынымызды өтеп беруге көмектесуіңізді сұранамыз.
Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуір түнде "АDEM" сауда орталығында өрт шыққан.
Наурыз айында Алматы билігі мамыр айында барахолканы түгелдей бұзатындығын айтады. Өртенген және бұзылған сауда орнына 15 заманауи сауда саттық кешендері салынады, — деп хабарлайды http://today.kz/ сайты.