Бұл туралы сəрсенбі күні өткен инаугурация рəсімінде президент Нұрсұлтан Назарбаев мəлім етті.
"Ұлттық жоспарларымыз табыспен іске асуы үшін халықаралық климат қолайлы болуы тиіс.Біз Ресей, ҚХР, АҚШ, Еуроодақ жəне ислам мемлекеттерімен ынтымақтастықты жалғастырамыз. Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде қауіпсіздіктің жалпы архитектурасын сақтаймыз" – деді Н.Назарбаев.
Ол ұлы реформалар басталып жатқанын тілге тиек етті.
"Біз индустриаландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін түбегейлі құрылымдық реформалар жасаймыз. Білім мен денсаулық сақтау ОСК елдеріндегі стандартқа негізделеді", — деді президент.
"Қазақстан бүгінде аймақтық көшбасшыға айналды. Бірақ тоқтап қалуға болмайды. Реформалар білімге негізделген ұлттық экономиканы алға жетелейді. Негізгі мақсат — қазақстандықтардың өмірін жақсарту", — деп қосты ол.