Назарбаев Мәсімовты қайта премьер-министр етіп тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев  Мәсімовты қайта премьер-министр етіп тағайындады

Назарбаев Мәсімовты қайта премьер-министр етіп тағайындады

Қызметіне кіріскен бойда Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордаға «Нұр Отан», «Ақжол», «Халық комунистерінің» Мәжілістегі фракцияларының басшыларын шақыртып, премьер-министрдің кандидатурасын талқылады. Себебі Конституция бойынша, жаңа президент сайланғанда, Үкімет құрама түгел қызметінен кетеді.

  • 30 Сәуiр 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жариялаған бағдарламамды білесіздер. Жұмыс оңай емес. Уақытта тығыз. Сондықтан  Үкімет бір сәтке де кідірмей жұмысын жалғастыра беруі тиіс. Мен  Кәрім Мәсімовтың жұмыс істей бергенін қалаймын.

Қарсылық болмаған соң президент Мәжіліске барып Мәсімовтың кандидатурасын ұсынды. Бұл жерден қолдау тауып лауазымын тапсырған Кәрім Мәсімов бар болғаны екі сағаттың ішінде қайта премьер-министр болып тағайындалды. Мәсімов Үкімет басшысының тағын осымен 4-ші рет сақтап қалып отыр. Енді ол 10 тәуліктің ішінде Министрлер кабинетін қайта жасақтап, Елбасыға ұсынуы тиіс. Әзірше,премьерден басқа  Үкімет мүшелерінің барлығы  оның ішінде облыс әкімдері де «міндетін уақытша атқарушы» тіркесімен жүр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Кәрім  Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалсын. Міне, арнайы жарлыққа қол қойып жатырмын.