ДДСҰ жастар арасында көп кездесе бастаған дерттерді атады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДСҰ жастар арасында көп кездесе бастаған дерттерді атады

ДДСҰ жастар арасында көп кездесе бастаған дерттерді атады

Медициналық статистикаға сүйенсек, бұрын аға буын өкілдерінде ғана кездесетін ауруларға, жастар да шалдыға бастады.  

  • 30 Сәуiр 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

ДДСҰ сарапшылары еңбекке жарамды жастағы адамдар арасында тарала бастаған дерттердің тізімін жасады.

Мамандар атап өткендей, аурудың тууына әсер ететіндердің бірі аз қимылдау. Көп қимылдамай, дұрыс тамақтанбау салдарынан денсаулыққа зақым келтіруге болады, деп жазды РБК.

Жастар арасында көп кездесетін сырқаттардың қатарында омыртқа  остеохондрозы, остеопороз, жүрек-қан тамыр дерттері (атеросклероз, гипертония, инсульт, инфаркт), меланома (тері обырының агрессивті формасы), подагра бар.

Аталған дерттердің барлығы дерліктей артық салмақ, алкоголь ішімдіктері мен темекіні пайдалану, бір орында көп отыру және дұрыс тамақтанбаумен байланысты.


Дәрігерлердің айтуынша бұл аурулардың барлығынан толық айығу мүмкін емес. Бұған мұрагерлік факторы да әсер етеді. Алайда, дұрыс өмір салтын жүргізу арқылы сырқаттың асқынуына тосқауыл қоюға болады.