Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында СІМ ресми өкілі Алтай Әбиболлаев хабарлады.
Алайда, қазақстандық жолаушылар туралы мағлұматтар өзгеруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
А.Әбиболлаевтың айтуынша, Мәскеуге жеткен жерлестерімізге консулдық-құқықтық кеңес пен жан-жақты көмек көрсетіледі. “Олар қалауынша елшілік жанындағы отельге орналастырылады немесе елге қайтады”, — деді Әбиболлаев.
“Непалда басқа да азаматтарымыз қалған болуы мүмкін. Ұшақтар ұшып шыққанға дейін ондағы отандастарымыздың саны 18 болатын. Алдағы уақытта бұл мәліметтер өзгеруі мүмкін”, — деп қосты ол.
Ресми өкіл ресейлік серіктестерге Қазақстан азаматтарын қауіпті аймақтан алып шығуға көмектескені үшін алғыс білдірді.