ҰОС ардагерлері мен мүгедектері ТМД елдерінде пойызбен тегін жүретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰОС ардагерлері мен мүгедектері ТМД елдерінде пойызбен тегін жүретін болды

ҰОС ардагерлері мен мүгедектері ТМД елдерінде пойызбен тегін жүретін болды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай 2015 жылдың 1 мамырынан

  • 30 Сәуiр 2015
  • 307
Фото - Caravan.kz

31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері үшін жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру мүмкіндігін ұсынады.

«Мерекелік шара аясында майдангерлер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктерінің барлық санаттары мен бағыттарында (баратын елді мекенге дейін және кері қарай) тегін жүре алады. Атап айтқанда, ардагерлер қала маңы пойыздарымен қатар «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Турист» вагондары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерде де тегін жүреді», делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.


ТМД елдеріне сапарлау үшін билеттер Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан темір жол кассаларында ресімделеді. Ол үшін өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар ҰОС ардагері немесе мүгедектігіі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.

Бұл туралы қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.