Қызылорда облысының диқандары күріш егуге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының диқандары күріш егуге кірісті

Қызылорда облысының диқандары күріш егуге кірісті

Қызылорда облысындағы кейбір шаруа қожалықтары күріш егуге кірісті.

  • 30 Сәуiр 2015
  • 622
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Өмірхан Пәшкенов хабарлады.
«Жаппай егіс басталған жоқ. Кейбір шаруашылықтар ғана күріш егуге кірісті. Бүгінгі күнге дейін 4677 гектар алқапқа немесе жоспарланған жердің 61 пайызына күріш егілді», — деді Ө.Пәшкенов.
Оның айтуынша, аймақ диқандары егіс науқанын мамыр айының соңында аяқтауды жоспарлап отыр.
Су тапшы болады деген болжамдарға сәйкес, күріш егілетін алқап көлемі арттырылмайды, деді маман.