Бірнеше әйел алған еркектер жүрек ауруына жиі шалдығады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірнеше әйел алған еркектер жүрек ауруына жиі шалдығады

Бірнеше әйел алған еркектер жүрек ауруына жиі шалдығады

Бірнеше әйелі бар ер азаматтарда жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қаупі өзгелермен салыстырғанда 4 есеге жоғары.

Мұндай жаңалықты араб ғалымы Амин Даулах Азия кардиологтарының конгресінде мәлімдеді. "Қаржылай және психологиялық қысымның тым көп болуынан көп әйел алған ер азаматтар жүрек ауруларына жиі шалдығады" деді ғалым аталған жиын барысында.

  • 30 Сәуiр 2015
  • 561
Фото - Caravan.kz

Даулах пен оның әріптестері Таяу Шығыста жұмыс істейді. Мұнда көп әйелге үйлену қалыпты жағдай. Олар жергілікті 687 ер азаматтың жүректерін тексеруден өткізген. Тексеруден өткендердің орташа жас көрсеткіші — 59 жас. Олардың 68 пайызы жалғыз әйелмен некелескен. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бірнеше әйелі бар ер азаматтарда жүрек ауруына шалдығу мүмкіндігі өзгелерінен салыстырғанда 4,6 есеге жоғары.

Енді араб ғалымдары дәл осындай тексеруді әйелдерге де жүргізіп көрмек. http://today.kz/kz