Парламент Франциямен ЖҚБ жүйесін құру туралы келісімге түзетулерді ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Франциямен ЖҚБ жүйесін құру туралы келісімге түзетулерді ратификациялады

Парламент Франциямен ЖҚБ жүйесін құру туралы келісімге түзетулерді ратификациялады

Сенат бүгін пленарлы отырысында «Франциямен Жерді қашықтықтан бақылау ғарыштық жүйесі мен ғарыш аппараттарының жинақтау-сынақ кешенін құру және

  • 30 Сәуiр 2015
  • 695
Фото - Caravan.kz


пайдалану шарттары туралы 2009 жылғы 6 қазандағы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Заң тәртібіне сәйкес, құжат мемлекет басшысының бекітуіне жіберіледі.
Бұрын мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет тұжырымдамасына сілтеме келтіре отырып мәлімделгендей, хаттаманың мақсаты тауарларды жеткізуге, сондай-ақ күшіне енген күннен бастап және 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болатын осы келісім шеңберінде бекітілген келісімшарттар бойынша жұмыстар орындау және қызметтер көрсетуге қосымша құн салығын төлеуден босату болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда келісім негізінде екі ірі ғарыштық жоба жүзеге асырылады: Жерді қашықтықтан бақылау жүйесін құру және Астана қаласында ғарыштық аппараттың жинақтау-сынақ кешенін құру.
Хаттамада осы келісім шеңберінде ҚҚС босату үшін жеткілікті негіз болып табылатын құжаттар көрсетілген.
«Келісім 2010 жылы ратификацияланды. Бұл келісімді жүзеге асыру үшін «Қазақстан Ғарыш сапары» мен француздың Astrium ұлттық компаниясы арасында Жерді қашықтан бақылау жүйесін құру және ғарыш аппараттарының жинақтау-сынақ кешенін құруға ҚҚС есептемегенде жалпы сомасы 69,6 млрд теңге құрайтын екі келісімшартқа қол қойылды», — деп Инвестиция және даму министрлігінің аэроғарыштық комитет төрағасы Талғат Мұсабаев бұған дейін мәлімдеген болатын.
«Жоғарыда аталған жобалар бойынша келісімшарттар бекіткен кезде жұмыстар мен қызметтер үшін салық салынатын айналымнан ҚҚС төлеміне қаржы қаралмаған, осыған байланысты ҚҚС босату мәселесін республикалық бюджеттік комиссия қарастырып, 2014 жылдың 30 маусымында ғана оң шешім қабылданды», — дейді ол.
Т.Мұсабаевтың айтуынша, ҚҚС босату мемлекет жүзеге асыратын инновациялық жобалардың құнын төмендетуге және мемлекеттік бюджетке түсетін ағымдық жүктемены азайтуға, жобалардың өтемділік мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.