Қазақстанның Халықаралық валюта қорындағы квотасы артты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Халықаралық валюта қорындағы квотасы артты

Қазақстанның Халықаралық валюта қорындағы квотасы артты

Қазақстан өзінің Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жарғылық капиталындағы

  • 30 Сәуiр 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz

квотасын 365 700 000 СДР-ден (SDR — special drawing rights — арнайы қарыз алу құқықтары) 427 800 000 СДР-ге дейін ұлғайтады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы дауыстарының үлесі 17%-ға ұлғайтылатын болады. Тиісті шешімді ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылғы 24 сәуірде қабылдады.

Қазақстан «Халықаралық валюта қоры келісімінің баптарына түзетулерді ратификациялау туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 298-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы ХВҚ келісімінің баптарына түзетулерді ратификациялады.

ХВҚ келісімінің баптарына сәйкес өз квотасын ұлғайтатын әрбір мемлекет ХВҚ-дағы квотаны ұлғайту сомасынан 25%-ды төлеуге тиіс. Квотаны ұлғайту сомасының 75%-на барабар соманы төлеу вексель шығару жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

«Квотаны ұлғайтқан кезде ҚР Ұлттық банкінің алтынвалюта активтері азаймайтынын атап өткен жөн, себебі 25%-дық үлес мүше мемлекеттің резервтік активтерінің құрамдас бөлігі болып табылады, ал 75%-дық үлес шартты сипатқа ие және актив немесе міндеттеме ретінде жіктелмейді», — деп атап көрсетті ҚР Ұлттық банкінің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Айдар Қазыбаев.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның ХВҚ капиталындағы квотасын ұлғайту елдің одан әрі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жағдай жасайды, себебі Қазақстан квота көлемінен үш еселенген мөлшерде ХВҚ-ның кредиттік желісіне сүйене алады. Қазақстанның ХВҚ капиталындағы ықпалын күшейту ел рейтингінің жақсаруына септігін тигізеді әрі ХВҚ құрылымдарында дауыс берген кезде Қазақстанның ұстанымын нығайтады.