Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Берік Мәжитұлы Имашев — Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
Әсет Өрентайұлы Исекешев — Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Ерболат Асқарбекұлы Досаев — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова — Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;
Владимир Сергеевич Школьник — Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 сәуір
№ 5