Іші-сыртында майдангерлердің суреттері бейнеленген трамвай Жеңістің 70 жылдығына арнайы безендіріліпті. Күн санап қатары азайған ардагерлерге көрсетілетін құрметтті осылайша молайта түспекші болдық дейді трамвай басқармасындағылар. Бүгін шаһар тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған вагонды жауынгер киімін киген жүргізуші тізгіндеді. Мұнда алғашқы боп кірген қариялар жолаушыларға соғыс жайлы естеліктерін айтып, көздеріне жас алды. Қазір қалада 172 соғыс және 4 мыңға жуық тыл ардагері бар.
Бозжігіт Тұрғанбекұлы, тыл ардагері:
-Мұндай шара бұрын болмаған. Қазір бізге ардагерлерге көрсетіп жатқан құрметтеріне көптен-көп рахмет айтамыз. Аллаға шүкір, бала-шағаның ортасында жүріп жатырмыз.Отанымыздың гүлденіп келе жатқанына куә боп.