Енді бұл мектептің оқушылары Рақымжан Қошқарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы, ерлігі мен батырлығын жатқа білуі тиіс. Ол үшін арнайы қабырға да ілінген. Батыр бабамыздың ерлігі жазылған тақтаны ауылдың еңбек ардагерлері мен құрметті азаматтары арнайы келіп ашты. Сондай-ақ, оқушылар қарт қонақтарға соғыс жылдары айтылған әндерді шырқады. Кейін ардагерлер мектеп ауласына шығып, өскелең ұрпаққа естелік үшін өз қолдарымен ағаш екті. Рақымжан Қошқарбаевтың есімі 40 жылдық тарихы бар көне мектепке беріліп отыр.
Айсұлу Сәрсенбаева, Р. Қошқарбаев атындағы мектеп директоры:
-Ол кісінің ерлігін жас та, кәрі де біледі. Ешкім еш уақытта да ұмытпайды. Мына біздің жас жеткіншек, өсіп келе жатқан балаларға сол кісінің ерлігін, сол кісінің рухын көтере отырып, әріқарай үлкен жауапкершілікпен үлес қосамыз деп ойлаймын.