Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрыңғы төрағасы Әлнұр Мұсаев пен тағы бір шенді қызметкері Вадим Кашляктың кінәсін Австрия прокурорлары дәлелдей алмаған. Бұл екеуі 2007 жылы «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті «азаптап өлтірді» деп айыпталған. Артынша лезде шетел асқандарға Қазақстан соты сырттай 20 жылға кескен де болатын. Кейін Мұсаев та, Кошляк та Автрия полициясының қолына түскенімен, Вена соты кінәсіз деп босатып отыр. Судья Қазақстан тарапы жіберген дәлелдерді де жеткіліксіз деп тапқан. Австриялық прокурорлар енді куәгерлерден жауап алуды жалғастыра бермекші. Бірақ айыпталушы орындығына отыратын адам жоқ.