Алтай Әбибуллаев, ҚР СІМ ресми өкілі:
-Олар қазір Мәскеуде тұрақтады. Елші ретінде біз оларды қарсы алып, көлікпен қамтамасыз еттік. Бірнеше талаптары бар. Қазірші бұл жайлы толық ақпарат бере алмаймын. Бірақ қолымыздан келген көмек көрсетуге барымызды саламыз.
Қазақстандықтар Мәскеу әуежайынан бірден еліміздің елшілігіне жеткізілді. Ол жерде туындаған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілген. Мәскеуге жеткендердің бірі туған-туысты жағаласа, екіншілері қонақ үйге орналастырылды. Сонымен қатар, Непалда қалып қойған өзге Қазақстан азаматтарының да жайлы белгілі болды. Бұған дейін зілзаладан зардап шеккен аймақта 17 отандасымыз бар делінген еді. Бірақ бүгін ол сан 20-ға дейін өсті. Ал Непалдың өзінде жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны еселеп артуда. Бүгінге дейін 6 мыңдай адамның мәйіті табылған. Миллионнан астам адам шұғыл көмекке мұқтаж.