Бірер аптадан кейін 53 жасқа толғалы отырған әйгілі әншінің кеше Мәскеуде жүрек талмасы ұстап, қайтыс болған. Марқұммен сондағы дос-жарандары, әріптестері, тыңдармандары қоштасты. Ал денесі ертең Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленбек. Батырханды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі ертең таңғы 9-да Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді.