Назарбаев құттықтау хаттарын оқып үлгермей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев құттықтау хаттарын оқып үлгермей жатыр

Назарбаев құттықтау хаттарын оқып үлгермей жатыр

Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс үстелі құттықтау жазылған жеделхаттарға толды. Бүгін Елбасын сайлаудағы жеңісімен Меркель мен Олланд құттықтады!

  • 1 Мамыр 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Германия канцлері мен Франция президенті Назарбаевтың қуанышына ортақтасып екі арадағы байланысына жоғары баға берген. Сондай-ақ,  Ақорда қожайынын сайлаудағы айқын жеңісімен  Италия,Сингапур, Мысыр, Латвия, Монғолия, Финляндия президенттері мен Иордания королі құттықтап жеделхат жолдады. Бірінен соң бірі келіп жатқан осындай ізгі тілекке толы хаттарды президент канцеляриясы Елбасының кабинетіне жеткізіп үлгермей жатыр.Назарбаевтың қызметтік телефонына қоңырау шалып жатқандар да толастар емес.