Үкіметтің бұл құрамын Назарбаевтың өзі де қолдап отыр. Мемлекет басшысы оларды қоян-қолтық жұмыс істейді, әрі жүктелген тапсырманы орындай алады деп баға берді. Сондықтан отставкаға жіберуді жөн көрмепті. Осылайша, қысқартудан кейін қалған 13 министрдің барлығы «міндетін уақытша атқарушы» деген тіркестен құтылып мәз-мейрам. Айта кетсек, президент инаугурациясынан соң Конституцияға сай, министрлер кабинеті түгел отставкаға кеткен болатын. Премьер Мәсімов тағына екі сағаттан соң қайта тағайындалса оның командасын жасақтауға 10 күні бар еді. Алайда бұл істі бір күнге де жеткізбеген Мәсімов үйреншікті өз адамдарын да жанында қалдырды.