Алматы аспазшылары салмағы 687 кг болатын лағман дайындап Гиннестің рекордтар кітабына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы аспазшылары салмағы 687 кг болатын лағман дайындап Гиннестің рекордтар кітабына енді

Алматы аспазшылары салмағы 687 кг болатын лағман дайындап Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бүгін 1 мамыр - бірлік күніне орай алматылық аспазшылар салмағы жарты тоннадан аса лағман дайындады. Тағамның аты «Достық» деп аталды.

  • 1 Мамыр 2015
  • 638
Фото - Caravan.kz

«Достық» лағманын жасауға 300 жұмыртқа, 250 келі ұн, 12 келі ет, көкөніс жұмсалды.

Тағамды әзірлеуге 30 аспазшы ат салысты. Тағам 12 қазанда пісірілді.

«Құрметті достар. Сіздерді Қазақстан халықтары Асссамблеясы атынан тамаша мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мен мында таңертеңнен бері жүрмін. Сіздердің достық көңілдеріңізге, бақытты жүздеріңізге куә болып отырмын. Бұл Қазақстан халықтары ассамблеясының төзімділік пен бірлік институты екендігін тағы да айқындайды», — деді ҚХА төрағасының орынбасары Ни Любовь.

Салтанатты мерекені Қазақ географиялық қоғамы ұйымдастырды.

«Қазақстанның абыройын көтеру үшін, халықтардың дәстүрін, тағамдарын дүниеге таныту үшін, дүниеде болмаған рекорд орнаттық. Лағман тағамы қазақтардың ғана емес, түркі халықтарының тағамы болып кеткен. Ұйғыр этномәдени орталығының басшылығы үлкен шара өткізіп жатыр. Жарты тонна лағманмен бір елдің басын қосып жатырмыз. Осы арқылы бір елдің тағдыры бір екендігін, дастарханымыздағы нанымыз да бір дегенді жеткізгіміз келеді», — деді «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов.

Гиннес рекордтар кітабының төрешісі Бенджамин Бэкхауз жаңа рекордты тіркеп, рекорд орнатылғаны жөнінде сертификат табыс етті.


Келушілердің барлығы астан дәм татты.

1 

2 

3 

4 

5 

6 

7 

8 

9 

10 

11 

12 13