Алматыда фонтандар іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда фонтандар іске қосылды

Алматыда фонтандар іске қосылды

Алматылықтар үшін бүгінгі мереке тағы бір айтулы шарамен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін осы қалада фонтандар атқылады.

  • 2 Мамыр 2015
  • 447
Фото - Caravan.kz

Әдетте қаладағы субұрқақтар жылда 1-ші мамыр күні іске қосылады. Бүгін олар Тұңғыш Президент саябағында, Республика алаңында, сондай-ақ, Абай атындағы опера және балет театрының алдында атқылады. Мереке күні серуендеп шыққан алматылықтар бір-біріне су шашып, суретке түсіп, көңіл көтерді. Бір айта кетерлігі, қаладағы 130-ға жуық субұрқақтың бүгін тек 10-ы қосылды. Қалғаны айдың аяғына дейін біртіндеп қосыла береді.