Шүкеновтың табынушылары алаңдарға жиналып әндерін шырқауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шүкеновтың табынушылары алаңдарға жиналып әндерін шырқауда

Шүкеновтың табынушылары алаңдарға жиналып әндерін шырқауда

Кенеттен болған осы қазаға бүкіл ел қайғыруда. Бүгін қостанайлықтар да Батырхан Шүкеновпен қоштасты. Марқұмның өнеріне табынушылар орталық алаңға жиналып, оның айтатын әнін орындады.

  • 2 Мамыр 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz

Батырханмен осылай қоштасуды жас әртістер ұсыныпты. Бұл ұсыныс бірер сағатта қолдау тауып, қала тұрғындары орталық алаңға жиналған. Кейін сүйікті әншілерінің суретіне гүл шоқтарын қойып, көз жастарына ерік берді. Артынан көпшіліктің жүрегінен орын тапқан «Джулия» әні орындалып, жүздеген ақ шар аспанға жіберілді.