Вячеславка орта мектебінің аумағында 70 алма ағашынан тұратын «ЭКСПО бағын» отырғызу жұмыстары басталмақ.
Бұл туралы «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ баспасөз қызметі хабарлады. ,
Сондай-ақ шара алдағы уақытта өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрме аясында, сонымен қатар азаматтарды экологиялық қозғалысқа тарту және қоршаған ортаны жақсарту мәдениетін қалыптастыру мақсаттарымен өтеді.
«ЭКСПО бағын» отырғызуға Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның топ менеджерлері мен қызметкерлері, Ақмола облысы және Аршалы ауданы әкімшілігінің өкілдері, 68665 әскери бөлім әскери қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Аршалы ауданының құрметті азаматтары мен Вячеслав орта мектебінің оқушылары қатысады.
Алма ағаштарын отырғызғаннан кейін Вячеслав мектебінің оқушыларына салтанатты түрде «ЭКСПО бақты қорғаушы» куәлігі тапсырылады, сондай-ақ шара аясында мәдени бағдарламалар көзделген.
Бұл шараны ұйымдастырушылар: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі, «Ақбота» ҚҚ, «Тұрақты даму» Жер Қоры.