Н. Назарбаев пен Си Цзиньпин Астанада келіссөздер өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев пен Си Цзиньпин Астанада келіссөздер өткізеді

Н. Назарбаев пен Си Цзиньпин Астанада келіссөздер өткізеді

ҚР Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

  • 4 Мамыр 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

5 мамырда Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Ж.Баррозуды қабылдайды деп жоспарланған.

6 мамырда Ақордада мемлекеттік наградалар тапсыру, сондай-ақ әскери және арнайы атақтар беру рәсімі өтеді.

Сол күні Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концерт болады.  

7 мамырда Астанада әскери парад өтеді. Мемлекет басшысы И.Панфиловтың елордадағы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады.

Сонымен қатар, Қазақстанға ресми сапармен келетін Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізу жоспарланған.

8 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл қою рәсіміне қатысады. 


Сол күні Мемлекет басшысы ТМД елдерінің мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына аттанады.

9 мамырда Қазақстан Президенті Мәскеуде Жеңіс күніне арналған мерекелік шараларға қатысады.