Бұл жағдай тұрғындар мен теңіз әлеміне қауіп төндіріп тұр. Кеме апаты саяхатшылар жиі келетін өңірде болып отыр. Оған қоса жергілікті тұрғындар ол жерде балық аулап, күнін көреді. Қазір жергілікті билік теңізге суға түсуге және балық аулауға тыйым салды. Алдынала мәліметтерге қарағанда апатқа толқын себеп болса керек. Қазір мамандар шығын көлемін есептеп жатыр. Луис Сумбадо, Қызыл крест өкілі: — Теңізге шомылмауды және теңіз өнімдерін жемеуді сұраймыз. Егер біреу өзін нашар сезінсе немесе басы ауырып, жүрегі айныса, бірден ауруханаға барсын. Исландия Мария Аройо, сатушы: — Бұл апат барлығымызың саудамызға кері әсер етеді. Енді қалай күн көреміз? Төрт автобус толы саяхатшылар келді. Алайда оларға суға түсуге тыйым салынып, барлығы кетіп қалды, — деп хабарлайды http://www.24.kz/kz сайты.