Сәуір айында Қазақстандағы инфляция 0,1 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуір айында Қазақстандағы инфляция 0,1 пайызды құрады

Сәуір айында Қазақстандағы инфляция 0,1 пайызды құрады

2015 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасында инфляция 0,1 пайызды құрады. Атап айтқанда, баға азық-түлік тауарларына

  • 4 Мамыр 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

өткен айда 0,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларына — 0,2 пайызға өсті, ал ақылы қызметтерге — 0,1 пайызға төмендеді.Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, өткен айда бағаның жаңа жиналған көкөністерге 7 пайыз, жүзімге — 5,5 пайыз, зәйтүн майына — 3,6 пайыз, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға — 1,7 пайыз, алкогольді ішімдіктерге — 1,6 пайыз, балалардың тағамдарына — 1,2 пайызға өсуі белгіленді. Бұдан бөлек, жеңсік емес тағам мен балық консервілеріне баға 0,8 пайызға, кондитер өнімдеріне — 0,6 пайызға, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, шұжықтарға — 0,5 пайыз, жоғары сортты бидай ұнынан пісірілген нанға, сүзбеге — 0,4 пайыздан қымбаттаған.

Сонымен бір мезгілде, бағаның төмендеуі жұмыртқаға 2,4 пайызды, қантқа — 2 пайыз, құс етіне — 1,6 пайыз, өсімдік-сары майына — 1,3 пайыз, күнбағыс майына — 1,2 пйаыз, күрішке — 1,1 пайыз, жармаларға — 0,9 пайыз, шикі сүтке — 0,7 пайызға тіркелді. Сондай-ақ, баға өсімі газеттер және мерзімдік басылымдарға 1 пайыз, жиһаз және үйге қажетті заттарға — 0,9 пайызға, киім және аяқкиімге, жуғыш және тазалағыш құралдарға, фармацевтикалық өнімдерге, жеке пайдалануға арналған тауарларға — 0,6 пайызды құраған. Ал  бензин бағасы 0,4 пайызға, дизель отыны — 1,2 пайызға, баллондағы сұйытылған газ — 9 пайызға төмендеген.

«Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 1 пайызға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына, қонақ үйлерге — 0,5 пайыздан, ойын-сауық және мәдениет саласында — 0,4 пайызға өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 0,7 пайыз, ішкі қалалық қатынастардағы автобусқа — 2,2 пайыз, әуе көлігіне — 2,7 пайызға арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 1,9 пайызға, электр энергиясына — 0,4 пайызға төмендеп, үйді күтіп ұстауға — 0,3 пайызға жоғарылады», — делінген баспасөз баянында.