Белгілі болғандай әйел құрбысымен өз үйінде ащы судан ұрттап алған, деп жазады Auto.kz. Кейін құрбысынан автокөлік жүргізуді өтінген. Мас күйінде екі әйел Toyota RAW4-ке мініп, қала көшелерінде көлік айдаған. Лапин көшесінің бойымен келе жатқан жүргізуші әйел тұрақта тұрған Mercedes-Benz маркалы көлікке келіп соқтығысқан. Әйел бұнымен тоқтамай, 2000 жылы туылған қыз бала мен 4 айлық сәби жатқан арбаны қағып кетті. Сорақысы сол, бұл аз болғандай араққа тойып алған әйел тежегішін баспай, Volkswagen мен Toyota Carina көліктеріне де соқтығысып үлгерген. Салдарынан 4 айлық сәби оқиға орнында жан тапсырып, 15 жастағы жеткіншек түрлі жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бұған қоса Volkswagen көлігінің иесі де жарақат алған. Қайғылы жағдайдың себепкерлері уақытша қамау изоляторына қамалып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, көлік тізгініндегі әйелдің жүргізушілік куәлігі жоқ және көлік жүргізуді білмейді, — деп хабарлайды http://24.kz/kz/ сайты.