Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлық
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков — Астана қаласының әкімі;
Ахметжан Смағұлұлы Есімов — Алматы қаласының әкімі;
Сергей Витальевич Кулагин — Ақмола облысының әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов — Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Баталов — Алматы облысының әкімі;
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов — Атырау облысының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев — Батыс Қазақстан облысының әкімі;
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев — Жамбыл облысының әкімі;
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков — Қарағанды облысының әкімі;
Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов — Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев — Қызылорда облысының әкімі;
Алик Серікұлы Айдарбаев — Маңғыстау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев — Павлодар облысының әкімі;
Ерік Хамзаұлы Сұлтанов — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр
№ 8